CNC · фасад

Фасад өрнегі, раскрой және G-code — бір бағдарламада

Өрнекті бір рет саласың — ол әр фасадтың өлшеміне өзі бейімделеді. Тізімді парақтарға орналастырып, станокқа дайын бағдарламаны шығарасың.

Не істейді

Өрнек редакторы

Сызық, доға, фигура, жүлге. Қабаттар мен ығысу сақиналары, «пішін» жиынтықтары. Өрнек фасад өлшеміне бейімделеді: арканың ені фасадпен өседі, иіннің биіктігі сақталады.

Пышақтар

Тік, V түрде, доғал, пішін пышақтары — әрқайсысының өз стратегиясы (бойымен, ішінен, сыртынан, нақыштау). Пышақ радиусы бұрышта да ескеріледі.

3D көрініс

Кесілгеннен кейінгі бетті нақты профильмен көрсетеді — станокқа жібермей тұрып көзбен тексересің.

Раскрой

Фасадтарды парақтарға тиімді орналастырады, қолмен жылжытуға да болады (көршіге/жиекке ілінеді). Толу пайызы мен қиындысы бірден көрінеді.

G-code және DXF

Әр параққа, әр пышаққа жеке бағдарлама. Алдымен ойық/өрнек, ең соңында габарит — бөлшек бағдарлама аяғында ғана босайды.

Тапсырыстар базасы

Қабылданған фасадтар тізімі нөмірімен сақталады: күйі, тапсырыс берушісі, ай сайынғы есеп. Өрнектері де тапсырыспен бірге жүреді.

Жұмыс реті

  1. Фасадтар тізімі. Excel-ден көшіріп қоясың не DXF-тен оқисың.
  2. Өрнек пен пішін. Топпен қоясың — ені/биіктігі бойынша таңдап, бір басумен.
  3. Орналасу. Парақ өлшемін беріп, есептейсің; керек болса қолмен түзейсің.
  4. Шығару. G-code (парақ не жеке фасад) және DXF.

Веб-нұсқа туралы

Браузердегі нұсқа — таныстыру үшін: сызу, өрнек, орналасу, 3D жұмыс істейді. Тапсырыстар базасы мен файл жүйесі десктоп нұсқасында. Толық нұсқасы Windows-қа орнатылады.